|
Қазақстан-2008
Эйр карго Саммиті
2008 жыл
24 қазан
2008
жылдың 22 қазаны мен 24 қазаны аралығында Алматы қаласында
«Қазақстан-2008 Эйр карго Саммиті» өтті. Саммитті ҚР Көлік және
Коммуникация министрлігі мен Алматы қаласының әкімшілігінің
қолдауымен Халықаралық Алматы әуежайы ұйымдастырды.
Жыл сайын
өткізілетін бұл шара осымен үшінші рет өткізіліп отыр, оған әлемнің
карго индустриясындағы көшбасшылары жиналады. 2007 жылы өткен саммит
оң нәтиже көрсетті, оның ішінде Халықаралық Алматы әуежайы бірқатар
жаңа клиенттерге ие болды: Қазақстанға Түрік карго тасымалдаушылары
- Turkish Airlines Cargo, ACT Airlines, KUZU, MNG келді. Ресей
Аэрофлот-Карго авиакомпаниясы Мәскеу-Алматы-Гонконг бағыты бойынша
аптасына 7 рет ары-бері ұшатын тұрақты рейстерді орындай бастады,
сонымен қатар Сеул-Алматы-Мәскеу бағыты бойынша ұшатын рейстердің
санын аптасына 12 рейске дейін арттыру жоспарланып отыр.
Алматы
әуежайы арқылы ұшып жүрген көптеген тасымалдаушылар Қазақстан арқылы
ұшатын өз рейстерінің санын біршама арттырды. Мысалы, «Cargolux»
компаниясы жүк рейстерінің санын аптасына 3-тен 5-ке дейін арттырса,
ал UPS компаниясы жүк рейстерінің санын аптасына 5-тен 6-ға дейін
өсірді, Lufthansa Cargo компаниясы болса өз рейстерін аптасына
9-дан 30-ға дейін, ал FedEx компаниясы рейстердің санын аптасына
10-нан 12-ге дейін көбейтті.
«Қазақстан-2008 Эйр карго Саммитін» ҚР ААК төрағасы М.М.Қубаев ашты.
Халықаралық спикерлердің арасында IATA (International Air Transport
Association) аумақтық менеджері - Азер Самедов, сондай-ақ FedEх,
Czech Airlines Cargo, Etihad Crystal Cargo, Panalpina, Merk Cargo
авиакомпанияларының топ менджерлері және т.б. сөз сөйледі. Сондай-ақ
Саммитке логистикалық компаниялар мен халықаралық әуежайлардың
өкілдері қатысты.
Халықаралық Алматы әуежайы Саммит барысында қонақтарға өзінің
төмендегі нысандарын көрсетті:
-
екінші ұшып-қону жолағы;
-
жаңа
жолаушылар терминалының құрылысы;
-
мультимодалды терминалдың екінші кезегі;
-
авиациялық техникалық орталық;
-
жаңа
төрт жұлдызды Park Inn қонақүйі;
Саммитке
қатысушылар Халықаралық Алматы әуежайының қарқынды дамуын жоғары
бағалады.
2008
жылғы Саммиттің нәтижесі бойынша Алматы әуежайында жүк
тасымалдауларының көлемі кеңейтілетін болады деп күтілуде. Қазіргі
күннің өзінде KLM Cargo және «Cargolux» авиакомпаниялары өз
рейстерінің саны арттыруды жоспарлап отыр.
|